Оқиға

Қарағанды облысында қалааралық автобус жыраға құлап, 10 адам зардап шекті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қарағанды облысының Сарышаған кентіне жақын маңда қалааралық автобус аударылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 10 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Оқиға 28 та м ыз күні «Алматы-Екатер и нбург» тасжолын ың 70-шақырымында (Балқаш қаласы) болған. 61 жастағы «Сетра» автобусының жүргізушісі Қарағандыға келе жатып, айналма жолдан түсу кезінде автобустың жыраға құлап кетуіне жол берген.


Алдын ала дерек бойынша, жүргізуші рульге ие бола алмай қалған. Жол апатынан түрлі жарақат алған 31 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жатқызылды.


«Алматы – Екатеринбург тасжолында автобустың аударылуы салдарынан 10 адам зардап шекті. Сарышаған кенті, Балқаш қаласы және Апаттар медицинасының жедел жәрдем бригадалары көмек кө р сетті. 9 адам сырылған және соғылған жарақаттар алған. Олар қажетті көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді. 1988 жылғы әйелдің бас - сүйек миы шайқалып, омыртқасы жарақаттанды. Ол Балқаш орталық ауруханасында жатыр. Өміріне ешқандай қауіп жоқ," - деп хабарлады Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гуля Багаудинова.


Қазір аталған жағдай бойынша тиісті сараптама лар тағайындалды.


 




Көрілген: 528    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.08.2019, 13:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30