Оқиға

Қарағанды ​​облысында кішкентай қыз темір қоршауға басымен қысылып қалды (видео)

  • Көрнекі фото.  https://news.pn/ru/

    Көрнекі фото. https://news.pn/ru/

Приозерск ауласында ойнап жүрген бала басын темір қоршауға сұғып, шығара алмай қалған. Құтқару сәтінің видеосын Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли жариялады.

 

 

Жанында болған ересектер қызға көмектесе алмаған. Сондықтан құтқарушыларды шақыру туралы шешім қабылданыпты.

 

"Қарағанды ​​облысы төтенше жағдайлар департаменті №15 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары гидравликалық құралдың көмегімен темір шыбықты кесіп, баланы құтқарды. Құтқару жұмыстары кезінде мамандар қызбен сөйлесіп тұрды. Қыз зардап шеккен жоқ, аман-есен ата-анасына тапсырылды", - деп хабарлады Талғат Уәли.   

 

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауға және төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауға қатаң кеңес береді:

 

қараңғы жерлерде ойнауға болмайды;

 

үйінділерде және бос қалған жерлерде ойнауға болмайды;

 

теміржолдар мен автомобиль жолдарынан аулақ жүру керек;

 

қираған ғимараттарда және осыған ұқсас жерлерде ойнауға болмайды;

 

электр және газ құрылғыларын қосулы қалдырмаңыз;

 

сіріңкемен және отпен ойнауға болмайды;

 

бейтаныс жерлерде шомылуға және сүңгуге болмайды. 

 

 Естеріңізге сала кетейік, жақында Нұр-Сұлтанда төбешіктен сырғанаған бала саусағынан айырылды, ал Алматыдағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде баланың үстіне мүсін құлап кетті.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 1635    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.05.2021, 17:33

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31