Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қарағанды іргесіндегі 900 гектар аумақты өрт шалды

06 шілде 2023, 18:29

Орман мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі шаруашылығының 50 орманшысы Тихоновка орманындағы өртті сөндірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Өрттің шығуына балалардың орманда от жағуы себеп болуы мүмкін.

 

Бүгін Қарағанды іргесіндегі Тихоновка орманында өрт шықты. Орманшылар дер кезінде қимылдап, өрті сөндіріп алды. Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, бүгін Тихоновка орманында балалар от жаққан. От орманға таралып 900 гектар аумақты өрт шалған. 50-ге тарта орманшы өрті өшірді.

 

Тихоновка орманында өрт болды. Мұны әдейі жаққан. Орманнан 3 кішкентай бала шықты. Солар жақты ма деп отырмыз. От екі жерден жағылған. Егер де өрт өзі жанса ол көрініп тұрады. Ал бұл жерде екі жерден от жағылғаны көрініп тұр. Сондықтан да, ата-аналар, тұрғындар балаларды орманға үлкендердің қарауынсыз жібермеңіздер. Балалар ештеңені түсінбейді, білмейді. Міне, бүгін мерекеде бізде демалыс жоқ. Орманды өрттен алып қалдық, - дейді орманшы Раушан Шөменова.

 

Орман мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі шаруашылығы орманда от жағуға тыйым салынғандығын айтады.

 

Еске слаайық, маусым айының басында Семей орманында өрт шығып, тілсіз жау 15 адамның өмірін, 60 мың гектар орман алқабын жалмады.