Оқиға

Қарағанды шахтасындағы апат: бір жұмысшы қайтыс болды

  • © Sputnik / Павел Лисицын

    © Sputnik / Павел Лисицын

Қарағанды облысында Ленин атындағы шахтадағы апаттан бір жұмысшы қаза тапты.

 

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының ұжымы мен басшылығы оқиға салдарынан Ленин атындағы шахтада қаза тапқан бұрғылау қондырғысының машинисі Николай Шадировтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады", - делінген Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

"АрселорМиттал Теміртау" қайтыс болған адамның отбасына Қазақстан заңнамасына және ұжымдық шартқа сәйкес барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетеді.

 

Николай Шадиров &ndash бұрғылау қондырғысының 5-ші разрядты жерасты машинисі. Ол компанияның көмір департаменті "Спецшахтомонтаждегазация" басқармасында 16 жыл, оның ішінде 15 жыл бұрғылау қондырғысының машинисі болып жұмыс істеген.

 

Шахтадағы апат

 

Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Ленин атындағы" шахтада метан газы мен ұсақ көмір фракциялары шығып кеткен. Мұндай жағдай барлау ұңғымасын бұрғылау кезінде болған.

 

Тау-кен шебері мен машинистің көмекшісі оқиға орнынан кетіп үлгергенімен, машинистің өзі шыға алмай қалған. Ал апат кезінде шахтада үшінші ауысымның 137 жұмысшысы болған, оның 136-сы шығарылды.

 

Бұған дейін шахтада газ бен көмір атындысы кезінде екі адам зардап шеккені хабарланды. 

 

Аталған факті бойынша төтенше жағдайлар министрлігі өндірістік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің жанынан арнайы тергеу комиссиясы құрылды.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 222    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 16:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28