Қарағанды тұрғыны "балгерге" 12 миллион теңгесін беріп қойған

13 желтоқсан 2021, 14:09

Қарағанды тұрғыны "балгерге" 12 миллион теңгесін беріп қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.  

7 желтоқсанда Қарағанды қаласы ПБ Киров полиция бөліміне 41 жастағы қала тұрғынынан өтініш түскен. Ол әлеуметтік желілердегі "Тегін жору" деген жарнамаға көзі түскенін айтқан, жәбірленуші оны бір әйел салғанына сенімді болған.

"Хат алмасу барысында белгісіз азамат жәбірленушінің сеніміне кіріп, түрлі нәрсе айтып, оны адастырған. Осылайша, өтініш беруші онлайн-аударымдар арқылы шам мен салтқа керек-жарақтарды сатып алуға жалпы сомасы 12 миллион 266 мың теңге аударған. Бірақ тапсырыс жасалмаған. Алданып қалғанын түсінген әйел полицияға жүгінді", - деді Қарағанды облысының ПД.

10 желтоқсанда жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері "балгерді" ұстады. "Балгер" 23 жастағы жас жігіт болып шыққан. Ол кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды.

Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция қызметкерлері ұсталған адамның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Tengrinews.kz