Оқиға

Қарағандыда 1-сынып оқушысы мектептің үшінші қабатынан құлап кетті

  • Көрнекі сурет.  © OnSmi.ru

    Көрнекі сурет. © OnSmi.ru

Кеше күндіз Қарағандының «Көгілдір Тоғандар» ықшам ауданындағы №77 мектепте оқыс оқиға орын алды. Мектептің 3-қабатындағы терезеден бірінші сыныпта оқитын қыз бала абайсызда құлап кеткен.


Абырой болғанда бүлдіршін дін аман.


Алдын ала мәліметтер бойынша, оқушы қыз қарға құлаған. Оның өмірін үйіліп қалған қар сақтап қалған. Бүлдіршін ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өміріне қауіп төніп тұрмағандығын айтады. Қазіргі уақытта төтенше оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.


«Қыз бала алдымен Х.Мақажанов атындағы ортопедия және травматология орталығына жеткізілді. Ол биіктіктен құлаған. Оны нейрохирург пен травматолог мамандары тексерді. Баланың ішкі ағзасына зақым келмеген. Осыдан кейін бала мен оның анасы Облыстық клиникалық балалар ауруханасына ауыстырылды. Баланың денсаулығына қажетті көмектің барлығы көрсетілуде», - дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.


Оқыс оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мектеп басшылығы тексеріп жатыр.


«Сабақтан кейін мұғалім оқушылардың барлығын класстан шығарып, есікті жапқан. Оқушылардың біреуі ұмыт қалған затына қайтып келген болуы керек. Алайда ол есіктен қайыра шыға алмаған. Бізде бірінші сынып оқушылары сабақты бірінші қабатта оқиды. Сондықтанда, есіктен шыға алмаған бала, терезеден шықпақшы болуы мүмкін», - дейді мектеп директорының орынбасары Рымжан Әділжанова.


Соңғы мәліметтер бойынша, оқушы қыздың мұғалімі оқиға орын алғаннан кейін ауруханаға түскен. Бастауыш сынып мұғалімінің қан қысымы көтеріліп, жүрегі ауырған.


 BAQ.kz




Көрілген: 582    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.01.2019, 11:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30