Оқиға

Қарағандыда 15 жастағы қыз жоғалып кетті

  • Фото: instagram.com/volontery_karagandy_rina.kz

    Фото: instagram.com/volontery_karagandy_rina.kz

Қарағандылық Элина Шлотгауер 26 мамырда жоғалып кетті. Баланың туыстары полиция мен еріктілерден көмек сұраған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

26 мамырда жасөспірімнің үйден белгісіз бағытта кетіп қалғаны белгілі болды, содан бері ол туыстарымен байланысқа шықпаған. Қыз Қарағандыдағы Федоровка ауданында тұрады.

 

Полиция қыздың жоғалғаны туралы ақпаратты растады.

 

"27 мамырда Қарағанды ​​полиция департаментінің оңтүстік-шығыс полиция бөліміне шамамен сағат 00.15 шамасында 40 жастағы қала тұрғыны хабарласты. Ол өзінің 15 жасар қызын іздестіру шараларын ұйымдастыруды сұрады. 26 мамырда сағат 14.00-де қыз үйден кетіп, әлі оралмағаны белгілі болды. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған баланы іздестіру жұмыстарына оңтүстік-шығыс полиция департаментінің, Қарағанды ​​полиция бөлімінің және СОБР-дың қызметкерлері тартылды", – деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі.

 

Қызды іздеумен еріктілер де айналысып жатыр. Олардың айтуы бойынша, қызда ұялы телефон немесе басқа гаджеттер болмаған.

 

"Қыз көк джинсы, сұр футболка және қара түсті аяқкиім (макасы) киген. Бойы шамамен 160-165 сантиметр, дене бітімі тығыз, ашық қоңыр түсті шашы иығына дейін жетеді, көзі қоңыр түсті. Тізесінде тыртық бар. Баланың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, +7 708 352 64 60, +7 705 326 86 98 немесе 102 телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз", – дейді Rina.kz тобының еріктілері.

 




Көрілген: 589    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.05.2020, 16:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31