Оқиға

Қарағандыда 7 жүк көлігі өртеніп кетті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Бүгін Қарағандыдағы жүк көліктері тұратын бокста өрт шығып, салдарынан тілсіз жау 2000 шаршы метр аумақты шарпыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

22 ақпанда сағат 17: 04-те Қарағанды қаласының Октябрь ауданында өрт пайда болғаны туралы хабар келіп түсті. Байжанов шахтасының маңында жүк көліктеріне арналған бір қабатты бокс жанған. Ғимараттың шатыры мен ішіндегі 7 жүк көлігі жанып, 2000 шаршы метр аумақта төбенің құлауы орын алды.

 

«19 сағат 04 минутта өрт сөндірушілер өртті толықтай жойды. Тілсіз жаумен күреске Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 65 адам мен 17 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің алдын ала себебі – пеш жабдығының ақаулығы», деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

 




Көрілген: 262    Пікірлер: 0

сенбі, 22.02.2020, 22:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30