Қарағандыда алты бутик пен үш дәмхана өртке оранды

28 ақпан 2022, 22:49

Қарағандыда орталық базарда өрт шығып, 6 бутик пен үш дәмхана түгі қалмай өртеніп кетті. Түн ортасында тұтанған от 600 шаршы метр аумақты күлге айналдырған.

 

Орталық базарды өрт шарпығаны туралы ақпарат түнгі сағат бірден кете түскен.

 

Өрт сөндірушілер жеткенде әбден күшіне мінген тілсіз жау жақындатпапты. 50-ден аса маман мен 15 арнайы техника өртпен бір сағат арпалысқан.

 

Бір-біріне жапсарлас орналасқан базардағы дүңгіршектердегі киім-кешек толық жанып кеткен.

 

Тауары мен дүние-мүлкі күлге айналғандар  шығын 100 миллион теңгеден асты деп болжайды.

 

Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Ал зардап шеккендер оттың қасақана қойылғанына сенімді.

 

Самет Ахмадов, дәмхана қожайыны:

 

- Менің шығыным 15 миллион теңгеден асты. Қарызданып несиеге алып, жаз маусымына дайындалғанбыз. Дәмхананың ішін жаңарттық. Түн ортасында өрт өзінен өзі тұтанбайды ғой. Кінәліні тауып, шығынымыз өтелсін.  

 

 

 

ktk.kz