Қарағандыда анасы мен кішкентай қызы орман маңынан өлі табылды

06 қазан 2022, 14:18

Қарағандыда анасы мен кішкентай қызы орман маңынан өлі табылды. Бұл туралы Қарағанды ​​облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 24 қыркүйекте күндіз Қарағанды ​​іргесіндегі Ақтас ауылы маңындағы орманнан екі адамның шіріген денесі табылған.

 

"Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 99-бабының 2 және 3-бөлігі "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" және "Дәрменсіз күйде екені белгілі адамды өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді облыстың ПД баспасөз қызметі.