Оқиға

Қарағандыда аттракционда арқанмен секірген 33 жастағы әйел көз жұмды (видео)

  • https://www.instagram.com/ekaraganda.kz

    https://www.instagram.com/ekaraganda.kz

Қарағандыда 25 метр биіктіктен "тарзанкадан" секірген әйел көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Оқыс оқиғаның видеосы Instagram желісінде тарап кетті.

 

Қайғылы жағдай "Созвездие" қонақ үйінің аумағында болған.

 

Аттракцион мейманхананың шатырында орнатылған. 33 жастағы әйел 25 метр биіктіктен секіріп, жердегі бетон конструкцияға соғылған. Ол өте ауыр жағдайда шұғыл ауруханаға жеткізілді.

 

"Науқасқа тез арада операция керек болды. Әйелдің басындағы гематомаларды жою үшін бас сүйегіне ота жасалды. Жүргізілген емдеу шараларына қарамастан, науқас қайтыс болды", - деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.

 

Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

 

 

 

 

 




Көрілген: 1574    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.10.2021, 08:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31