Қарағандыда әйел адам сәбиімен бірге терезеден секірмек болды (видео)

29 мамыр 2021, 09:41

Қарағандыда үш жасар қызды қолына алған 24 жастағы әйел терезеден секіріп кете жаздады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел-тергеу тобының өкілдері мұндай фактіні растады. 24 жастағы әйел 3 жасар қызын қолына алып, бес қабатты үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтер терезесінен аяғын сыртқа қарай салбыратып отырған.

 

 

"Аталған мекенжайға облыстық төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мен медициналық жедел жәрдем көлігі де келді", – делінген Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

 

Полиция қызметкері Қымбат Алтаев пәтерге кіріп, терезеден секірмек болған әйелді құтқарып қалды.

 

Жан-жақты тексеру нәтижесінде, әйелдің медициналық мекемеде есепте тұратыны анықталды. Кейіннен тиісті ем-дом шараларын жүргізу үшін оны медициналық мекемеге жеткізді.

 

 

 

 

sputnik.kz