Оқиға

Қарағандыда бір жасар сәби терезеден құлап кетті

  • https://m.azh.kz/

    https://m.azh.kz/

Қарағандыда екінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен бір жасар сәби құлап кетті. Кішкентай қызға ота жасаған, дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

1 маусым күні сағат 12:00-де Қарағандыда 2019 жылы туған сәби екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, ауруханаға жеткізілді.

 

«2019 жылы туған бала Х.Ж.Мақажанова атындағы Көпбейінді аурухананың жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылды. Төменгі жақтың екі жағындағы сүйек ашық сынған. Шақалақ келіп түскеннен кейін ота жасалды. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты. Орташа ауыр деңгейде», - деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 

ТЖД хабарлағандай, бұл – Қарағанды облысындағы биылғы жылдың сәуір айынан бергі балалардың терезеден құлауының 9-шы оқиғасы. Бұған дейін мұндай оқиғалар Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Жезқазған, Шахтинск қалалары мен Сарышаған кентінде болған. Құтқарушылар балаларды қараусыз және ашық терезе алдында жалғыз қалдырмауды ескертеді.


 




Көрілген: 446    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.06.2020, 13:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31