Оқиға

Қарағандыда дәмхананы "жармақ" болған ер адам құрықталды

  • © Fotolia / Paty Wingrove

    © Fotolia / Paty Wingrove

Қарағандының 47 жастағы тұрғыны қаладағы дәмханалардың бірін жарғысы келетінін айтқан. Оқиға жексенбі, 13 қазан күні болды.


"102-ге хабарласқан тұрғындар Ленин көшесіндегі дәмханалардың бірінде ер адам ғимаратты жарамын деп қорқытқанын айтты", - деп хабарлады Қарағанды полиция департаментінде.


Оқиға орнына полиция қызметкерлері жетті. Олар ер адамның кім екенін анықтады. Тұрғын сөмкесіндегі бомба 15 минуттан соң жарылатынын айтқан.


Полицейлер ғимаратты қоршап, екі адамды қауіпсіз жерге шығарды.


Алайда сөмкені тексерген кезде жарылғыш зат табылмады. Бомбаның орнында ер адамның ескі киімі болған.


Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам облыстық психоневрологиялық диспансерге жатқызылды.


Оның кінәсі дәлелденсе, 5 мың айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл (12 миллион 625 мың теңге) немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.


 sputnik




Көрілген: 249    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.10.2019, 22:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30