Оқиға

Қарағандыда екі бала токқа түсіп қалды

  • Қарағандыда екі бала токқа түсіп қалды

    Қарағандыда екі бала токқа түсіп қалды

Қарағандыда екі жасөспірім теміржолда токқа түсіп қалды. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазатайым оқиға Федоровка ауданындағы теміржолда болған. Алдын ала ақпарат бойынша, жасөспірімдер теміржол маңында жүрген және оны кесіп өтпек болған. Сол кезде теміржолда жүк пойызы тұрған. Олар бір жолды кесіп өткеннен кейін, екіншісінде вагонның астынан өтпек болған. Сол сәтте екеуін де ток ұрады. Олардың бірі есінен танып қалған, ал екіншісі көмек шақырған.

Есінен танып қалған зардап шегуші Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылған. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр. Бала реанимацияда жатыр. Ол комаға түскен. Екінші зардап шеккен жасөспірімнің жағдайы қанағаттанарлық, үйіне шығарылған.

Бұл дерек бойынша полиция желілік полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Федоровка ауданы мен жақын маңдағы "Большая Михайловка" станциясы тұрғындары бірнеше рет жаяу жүргіншілер өткелін салуды сұраған болатын. Алайда мұндай оқиға бірнеше рет болғанына қарамастан олар вагондардың астынан немесе жолды айналып өтуге мәжбүр.




Көрілген: 602    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.05.2021, 10:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31