Оқиға

Қарағандыда екі жігіт қыз үшін төбелесіп, біреуінің жыныс мүшесі зақымданған

  • Қарағандыда екі жігіт қыз үшін төбелесіп, біреуінің жыныс мүшесі зақымданған

    Қарағандыда екі жігіт қыз үшін төбелесіп, біреуінің жыныс мүшесі зақымданған

Қарағандыда екі ер адам қыз үшін төбелесіп қалды. Кикілжің барысында жәбірленушінің денесіне қатты зақым келген, деп хабарлайды kznews.kz Қазбек би аудандық сотына сілтеме жасап.

Екі қарағандылық Гоголь көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің алаңында төбелесіп қалған. 38 жастағы ер адам мен 19 жастағы жігіт бір қызды бөлісе алмаған. Нәтижесінде жас жігіт бірінші болып қол жұмсайды. Бұдан кейін екіншісі оны аямай соққыға жығады.

Тергеу мәліметінше, ер адам қолмен ұрып ғана қоймай, аяғымен тепкен. Сот-медицина сараптамасы жас жігіттің жыныс мүшесіне ауыр зақым келгенін анықтады.

«Сондай-ақ, оның қас доғасы жарақаттанып, тырнақ фалангасы сынғаны белгілі болды», &mdash делінген іс материалдарында.

38 жастағы ер адамның үстінен ҚР ҚК («Кісі денсаулығына әдейі зақым келтіру») 106-баптың 1-тарауы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Іс Қазбек би аудандық сотында қаралды. Ер адам кінәсін толықтай мойындады. Шын жүрекпен өкінгені үшін сот оның бас бостандығын тек 3,5 жылға шектеді.




Көрілген: 1920    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.01.2021, 00:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31