Оқиға

Қарағандыда ер адам сотталып, соққыдан қайтыс болды

  • Қарағандыда ер адам сотталып, соққыдан қайтыс болды

    Қарағандыда ер адам сотталып, соққыдан қайтыс болды

Қарағанды облысындағы аурухананың жан сақтау бөлімінде 37 жасар ер адам көз жұмды. Ұзақ бұзақылығы үшін сотталған азамат көрген соққылардың әсерінен қатты зақым алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Осакаров аудандық сотының 3 шілдедегі қаулысымен 37 жастағы кент тұрғыны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды (ұсақ бұзақылық). 2 шілдеде оны ауыл тұрғындары ұсақ қылмыстық әрекеттер жасағаны үшін ұстап, ұрып - соғыпқан. ІІО қызметкерлері оны 15 тәулік қамауға алу жазасын тағайындап алып кеткен", - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті.


Полиция атап өткендей, соттан кейін ер адам Осакаров ауданының ауруханасына жеткізілген. Ол денсаулығының нашар екенін айтып шағымданған. Дәрігерлер ер адамды қарап, рентгенографияны және іш қуысын УДЗ жасаған.


"Дене жарақатын алған ер адам таныстарының ұрып-соққанын айтқан. Одан кейін Осакаров ауданының полиция бөлімінде ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін түсіндірді. Содан кейін ол әкімшілік тәртіпті бұзғаны үшін камераға қамалған. Қамауға алынған адамның шағымы бойынша бірнеше рет (күн сайын) жедел жәрдем каретасы шақыртылып тұрған", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


8 шілдеде сотталушы Осакаров ауданының ауруханасына жатқызылып, 10 шілдеде отадан кейін қайтыс болды. "Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген ("абайсызда адам өліміне әкеп соққан медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы").


Осакаров ауданының полиция бөлімі мен ауруханасындағы бейнежазбаларды зерттеу кезінде 37 жастағы ер адамға қызметкерлер тарапынан дене жарақатын салу фактісі анықталған жоқ", - деп мәлімдеді облыс полициясында.


Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.




Көрілген: 347    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.07.2019, 22:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31