Қарағандыда кенші қаза тапты

03 сәуір 2022, 00:51

Бүгін Қарағандыда Костенко атындағы шахтада 36 жастағы кенші қаза тапты. Оқиға себебін арнайы комиссия анықтап жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Костенко атындағы шахтада ұңғыма төбесі құлаған. Оқиға салдарынан мердігер ұйымның 36 жастағы тау-кен жұмысшысы қаза тапты.

 

«Бүгін Костенко шахтасында жазатайым жағдай салдарынан УСМ мердігер ұйымының қызметкері (1986 жылы туған) көз жұмды. Мемлекеттік комиссия құрылды, оқиға тергелуде», - деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінде.

 

Еске салайық, биылғы 24 наурызда Қарағанды облысындағы «Саран» шахтасында 57 жастағы кенші қаза болған еді. Кен орны «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға тиесілі.