Оқиға

Қарағандыда көлігімен бірге жоғалған жігіт орманнан табылды

  • © NUR.KZ

    © NUR.KZ

Қарағандыда 14 маусым күні ұлын балабақшадан алуға кетіп, көлігімен бірге із-түзсіз кеткен ер азамат табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Екі баланың әкесін іздеуде полицейлер көп еңбектенген. Олар көшедегі барлық бақылау камераларының таспаларын қарап шыққан.


Камералардың бірі көліктің көп демалыс орындары шоғырланған Қарқаралы қаласына қарай бағыт алғанын түсіріп алған.


Полицейлер сол жерге барып, демалыс үйлерінің әкімшілерімен сөйлескен. Қызметкерлердің бірі оны суреттен таныған.


Белгілі болғандай Евгений демалыс орнына жалғыз келіп, барлық уақытты орман кезумен өткізген.


Жауап алынған қызметкерлер ер адамның жабырқау күйде орман кезгенін хабарлады. Жедел уәкілдер ер адамды тауып, үйіне жеткізген.


"Ол отбасымен бірге, үйіне қайтарылды", - деп хабарлады Евгенийді іздеуге атсалысқан еріктілер.

Еске сала кетейік, 14 маусым күні Евгений Прокопчук ұлын балабақшадан алуға кетіп, кейін астындағы көлігімен бірге із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. 




Көрілген: 3657    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.06.2019, 10:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31