Оқиға

Қарағандыда мейрамханаға келушілер арасында жаппай төбелес болды

  • http://ekaraganda.kz/

    http://ekaraganda.kz/

Қарағанды қаласында ойын-сауық мекемесі жабылғаннан кейін келушілер арасында жаппай төбелес болды. Салдарынан үш адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Бүгін түн ортасында Қарағандыдағы мейрамханалардың бірінің жанында мекеме жабылғаннан кейін келушілер арасында жанжал басталған.

 

Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, дау-дамай орын алған жерде ондаған адам болған. Төбелеске қатысқан оннан астам адамды тәртіп сақшылары ұстап, алып кеткен.

 

Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.

 

«25 қазан күні түн ортасында Қарағанды қаласының ойын-сауық мекемесінің жанында, ол жабылғаннан кейін, далада мас адамдар арасында жанжал пайда болды. Қарағанды облысы Полиция департаментінің жедел кезекшісі оқиға орнына патрульдік полиция полкінің жақын маңдағы барлық экипажын жіберді. Демалыс күндері түнгі нарядтар күшейтілді, полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің арқасында оқиғаға қатысушылар ізін суытпай ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Үш адам жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Мән-жайлар анықталуда. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінен.

 

Мәлім болғандай, зардап шегушілердің біріне ота жасалды.

 

«Науқас түнде жеткізілді, оған ота жасалды. Зардап шеккен азаматта бауырдың сол жақ бөлігінің зақымдалуымен іш қуысына енетін пышақ жарақаты болды. Жағдайы тұрақты, хирургия бөлімінде жатыр», - деп түсіндірді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

 

 

 




Көрілген: 249    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.10.2020, 20:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қараша, 08:44
    Иесін іздеген ит

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30