Оқиға

Қарағандыда мұғалім сабақ кезінде оқушыны дәретханаға жібермей қойған

  • Қарағандыда мұғалім сабақ кезінде оқушыны дәретханаға жібермей қойған

    Қарағандыда мұғалім сабақ кезінде оқушыны дәретханаға жібермей қойған

Қарағанды қаласындағы гимназиялардың бірінде мұғалім сабақ кезінде баланы дәретханаға жібермей қойған. Бала ұзақ шыдап, содан соң орнында дәрет сындырған. Оқиғаға қатысты Қарағандының білім бөлімі қызметтік тексеруді бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 27 қыркүйекте Қарағанды қаласының №1 гимназиясында болған. Әлеуметтік желіде болған оқиға туралы ақпаратты баланың анасы таратқан. Әйел мұғалім сабақ кезінде ұлын дәретханаға жібермегенін айтқан. Бала мүмкіндігінше шыдаған, содан соң орнында дәрет сындырған. Сондай-ақ педагог анасына болған жайтты айтпай, өзімен бірге таза киімдерін алып келуін сұраған.

 
Қарағанды қаласының білім бөлімі шағымға жауап беріп, мұғалімнің мұндай мінез-құлқына жол берілмейді деп мәлімдеді.

“Біз бұл оқиғаны балаларға адамгершілік көзқарастың болмауы және педагогикалық этиканы сақтамау деп санаймыз. Гимназияда қызметтік тергеу жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша кінәлілер жауапкершілікке тартылады”, – деп хабарлады Қарағанды қаласының білім бөлімі.




Көрілген: 389    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.09.2021, 10:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31