Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қарағандыда науқас аурухананың 5-қабатынан құлап мерт болды

28 желтоқсан 2017, 13:46

Қарағандының Майқұдық ауданындағы №1 ауруханада бесінші қабаттағы терезеден науқас құлап, мерт болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қайғылы оқиға палатада дәрігерлер жоқ кезде болған.

«Медицина қызметкерлері ол кезде қызметтік міндеттемелерін орындап жатқандықтан, науқастың қасында болмаған. Палаталарда 300-дей науқас бар. Әрбірінің басына бір-бірден медбике қарап тұра алмайды. Кезекші қызметкерлердің іс-әрекетінде қойылған талаптар бұзылмаған», - деді аурухана директоры Дмитрий Чернов.

Науқастың қандай сырқаттан емделіп жатқаны дәрігерлік құпия ретінде қалды.

Ол өзіне-өзі қол жұмсаған ба, әлде жазатайым оқиға ма оны полиция анықтайды.