Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қарағандыда сауда үйінің жанынан егде әйелдің денесі табылды

31 желтоқсан 2022, 22:52

Бүгін таңертең Қарағандының «Майқұдық» шағын ауданындағы сауда үйлерінің бірінің жанынан 71 жастағы әйелдің денесі табылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Сауда үйінің жанында белгісіз әйелдің денесі жатқаны туралы Қарағанды қалалық ЖБО-ға кездейсоқ куәгер хабарлаған. Полиция дереу оқиға орнына жеткен.

 

«31 желтоқсан күні сағат 9.47-де Қарағанды қаласы ПБ ЖБО-ға 12 шағын аудандағы «Аян» СҮ жанында зорлық-зомбылық белгілерінсіз 71 жастағы әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалды шешім қабылданады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.