Оқиға

Қарағандыда ұрланған көлік жол апатына ұшырап, жанып кетті

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Қарағанды облысында автокөлік айдап әкетіп кеткен азамат жол-көлік оқиғасын жасады, – деп хабарлайды polisia.kz.

 

20 қыркүйек күні Қарағанды облысы Бұқар-Жырау аудандық Полиция басқармасына 47 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны хабарласып, аудан орталығына туысының үйіне келгенде түнгі сағат 1.00 шамасында белгісіз біреу аулада тұрған автокөлігін айдап әкеткендігі туралы арызданған.

 

Арада біршама уақыт өткенде полицияға ауылдан шыға берісте қатты жылдамдықта жүрген көлік аударылып, өртеніп кеткендігі туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері өртенген көліктің белгісіз біреуден айдап әкеткен көлік екенін анықтады.

 

Куәгерлер көлік аударылғанда оның ішінен белгісіз азамат шығып, оқиға орынынан ізін суытқанын айтқан. Автокөліктің қатты өртенгені сондай, қайта жөндеуге жарамсыз болған.

 

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі үш миллион теңгеден асқан.

 

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен аталған іске қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы күдікті ұсталып, оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 200-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

 

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

 




Көрілген: 270    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.09.2020, 02:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31