Оқиға

Қарағандыдағы жантүршігерлік жол апатында екі жүргізуші көлікте қысылып қалған (фото, видео)

  • Фото: Instagram

    Фото: Instagram

Қарағанды облысы Абай ауданы Южный ауылы мен Құлайғыр ауылының ортасында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Ең сұмдығы, көліктерінде қысылып қалған екі жүргізуші құтқарушылардың көмегімен шығарылған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.


Оқиға орнын түсірген куәгерлер бейнежазбаны Instagram әлеуметтік желісіне жүктеген. Кадрда сау-тамтығы қалмаған көліктер мен оларға көмектеспек болған адамдар бар.


"Mercedes көлігінің жүргізушісі аяғын сындырып, көлікке қысылып қалған. Ал екінші көліктің тізгінін ұстаған азамат мотор мен орындықтың арасында қысылған. Көліктер қатты зардап шекті. Жүргізушілерге қарау мүмкін боламады. Оларға бәрі көмектескенімен, шығару қиын болды. Көмектескен адамдарға қатты риза болдым. Жүргізушілерді шығаруға жол-патрульдік полиция қызметкерлері Асхат Самалықов пен Нариман Құлжанов, сондай-ақ, жергілікті мешіттің имамы Рүстем Нілдібек атсалысты. Барлығын атап өткім келеді. Себебі, Топар кентінен келген медицина қызметкерлері мен Абайдан келген құтқарушылар жәбірленушілерге көмек көрсетуге тырысты. Барлығына алғыс айтамын. Барлық автокөлік жүргізушілерінен сақ болуды сұраймын. Сіздерді үйлеріңізде жанұяларыңыз күтіп отыр ғой", -деді жол апаты куәгерлерінің бірі.


Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде "Қызылорда- Павлодар" жолында көлік апаты орын алғанын растады. Ведомствода жүргізушілердің жасы 55 және 24-те болғанын айтты.


Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде. 






Көрілген: 527    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.02.2019, 16:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30