Оқиға

Қарағандыдағы қайғылы оқиға: Батутты дұрыс орнатпаған азамат қамауға алынды

  • Қарағандыдағы қайғылы оқиға: Батутты дұрыс орнатпаған азамат қамауға алынды

    Қарағандыдағы қайғылы оқиға: Батутты дұрыс орнатпаған азамат қамауға алынды

"Бала өліміне әкеліп соққан үрмелі батутты қолданысқа енгізген Қарағанды қаласының 40 жастағы тұрғыны «сауық нысанын заңсыз әрі, талапқа сай орналастырмағаны» үшін ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды", - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.


Еске сала кетейік, 25 мамырда Қарағанды қаласының Орталық демалыс саябағында қатты желдің салдарынан үрмелі батут аударылып кеткен болатын. ​


Оқиға салдарынан 11 жастағы бала қаза тауып, тағы да 2 бала түрлі жарақаттармен емханаға жеткізілді.


Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 306 бабы 3 тармағына сәйкес «Адам өліміне алып келген қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызмет көрсету» бойынша қылмыстық іс қозғалған. ​


Тергеу барысы Қарағанды облысы Полиция департаментінің және прокуратурасы басшылығының бақылауында.


Сондай-ақ бүгін Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров жедел кеңес өткізді, онда уәкілетті органдарға үрлемелі аттракциондардың қызметін тоқтату, сондай-ақ орталық саябақтың барлық аттракциондарының қауіпсіздікке сәйкестігін тексеруді ұйымдастыру туралы тапсырмалар берілді.


"Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары, батуттарды орнату фактілерін байқаған кезде полицияға хабарлауды өтінеміз.


Сонымен қатар, барлық ата-аналарды ойын-сауық және демалыс орындарына бару кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауға шақырамыз", - деп xабарлады Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


www.inform.kz




Көрілген: 494    Пікірлер: 0

жексенбі, 26.05.2019, 17:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31