Оқиға

Қарағандылық әйел перзентхананың еденінде босанды: Дәрігерлер себебін түсіндірді

  • Қарағандылық әйел перзентхананың еденінде босанды: Дәрігерлер себебін түсіндірді

    Қарағандылық әйел перзентхананың еденінде босанды: Дәрігерлер себебін түсіндірді

 Қарағандыда Майқұдық перзентханасына түскен жүкті әйел еденде босанып қалды. Медициналық мекемедегілер мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz. порталына сілтеме жасап.


Перзентхана директоры Татьяна Ювиктің сөзінше, 27 жастағы әйел 23 қыркүйекте түнгі сағат 2-де перзентханаға түскен. Онда жалған толғақ болыпты. Мұнан кейін дәрігерлер оны патология бөліміне орналастырған.


Дәрігерлер әйелге кардиотокография жасап, құрсақтағы нәрестенің жүрек соғысы мен босану белгілерін тексерген. Алайда бұл уақытта босану белгілері болмаған. Мұнан әрі әйел дәлізде жүріп, сол кезде жылдам босана бастапты. Ювиктің айтуынша, бұл уақытта оны палатаға жеткізу немесе қоларбаға жатқызу мүмкін болмаған көрінеді. Жағдайды көрген акушер нәрестенің зақымдануына жол бермес үшін, әйелді еденге жатқызуына тура келіпті.


«Онда жылдам босану процесі болды. Бұл жағдайда нәрестені зақымдап алмас үшін, әйелді еденде босандырып алды. Себебі қоларбаға жатқызу мүмкін емес. Жаңа туған нәрестені бірден анасының денесіне жатқызды. Ол еденге тиген жоқ. Кезекші дәрігерлер бірден келіп, әйелді қоларбаға жатқызып, қалған әрекеттерді босану залында жасаған. Әйел бірінші және екінші жүктілігінде де тез босанған», - дейді перзентхана директоры.


Дәрігерлер қазіргі уақытта жас босанған ана мен перзентінің жағдайы қанағаттанарлық екенін айтады. Оларға инфекция жұқпаған.


«Алайда әйел күмәнданбауы үшін, нәрестенің бас миын толық тексеру жүргізіледі», - дейді Татьяна Ювик.


Сонымен қатар ол перзентханада 156 орын бар екенін, дәрігерлердің босану залында, қабылдау бөлімінде жұмыс істеп, кезекшілік бойынша тапсырылған пациенттерді қарайтынын жеткізді.


Еске сала кетсек, Қарағандыда жүкті әйел перзентхананың еденінде босанып қалған еді.


Zakon.kz. 




Көрілген: 385    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.09.2019, 18:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31