Оқиға

Карантин кезде "Көк Жайлаудағы кино түнін" ұйымдастырушылар іздестіріліп жатыр

  • © k-zh.kz

    © k-zh.kz

Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов карантин кезінде Көк Жайлауда өткен жаппай сауық кешіне қатысты түсініктеме берді.

 

"Бұл жол беруге болмайтын жағдай. Қандай да бір шара өткізуден бұрын ол жерге кіруге де тыйым салынған. Ол жерде болған адамдар өздерінің ғана емес, жан-жағындағылардың да өмірін өлімге тікті. Сондай-ақ, олар тауда қоқыстарын қалдырып кетті. Ол шараға рұқсат берілмеген, санитарлық норма сақталмаған", - деді ол брифинг барысында.

 

Сонымен қатар Қожағапанов Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін жаппай іс-шаралар өткізуге тыйым салатын қаулысы бар екенін атап өтті.

 

"Аталған адамдарға қатысты қала әкімі полиция департаментінің басшысына тиісті тергеу жүргізуге нақты тапсырма берді. Олардың барлығын анықтап, әкімшілік жаза, қажет болса, қылмыстық жаза қолдану керек", - деді ол.

 

Сонымен қатар қала прокуроры табиғатты қорғау прокурорына осы жағдайды шешу жөнінде тапсырма берді.

 

Бұған дейін экология министрлігі Алматыдағы Көк Жайлау тауында сауық кешін өткізгендерге 100 АЕК немесе 277 800 теңге айыппұл салынғанын хабарлады. Айыппұл салынған ер адам автокөлік жанында түскен фотосын әлеуметтік желіге жүктеген болатын.


Карантин кезінде Алматы тауларындағы сауық кеші

 

24 мамырда Алматы қаласында енгізілген карантинге қарамастан, ерекше қорғалатын аумақта азаматтар ойын-сауық кеші мен түнгі кино көрсетілім ұйымдастырған. Қазіргі кезде "Көк Жайлаудағы кино түнін" ұйымдастырушылар іздестіріліп жатыр.

 

 




Көрілген: 330    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.05.2020, 00:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31