Оқиға

Карантинде отырған отбасы үйдің шатыры арқылы қашқан (видео)

  • https://ura.news/

    https://ura.news/

Екібастұз қаласында карантинге жабылған үйдің тұрғындары шатыр арқылы қашып кетпекші болған, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

 

Ресми мәліметке сәйкес, өткен демалыс күндері қалада карантинді бұзған үш адам ұсталды. Мәселен, 34 жастағы ер адам үйдің карантинге жабылғанына қарамастан, бірінші қабаттың терезесінен секіріп, өз көлігімен қашып кетпекші болған. Алайда алысқа ұзаған жоқ. Полицейлер оны ұстап, үйіне қайтарды. Ал көлігін айыппұл тұрағына қойды.

 

"Мәшһүр Жүсіп 61 мекенжайында тұратын отбасы мүшелері шатыр арқылы қашып кетпекші болған. Бұл үй каратинге жабылған болатын. Соған қарамастан, отағасы кәмелетке толмаған қызын қолына алып, шатыр арқылы шығып кетемін деп ойлаған. Келіншегі де бірге болды. Көрші үйде тұратын адам олардың қашқанын камераға түсіріп алған", - дейді полицейлер.

 

Бүгінде төтенше жағдай режимі мен карантинді бұзғаны үшін әкімшілік хаттама рәсімделді. Енді карантин біткесін барлығы сот алдында жауап береді.

 

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Павлодар облысында төтенше режимді бұзғаны үшін 1 020 адам ұсталған. 96 адам 5-10 тәулікке қамауға алынса, 199 адамға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бұдан бөлек, 585 адамға ескерту жасалды. 412 көлік айып тұрағына қойылды.

 

sputniknews.kz




Көрілген: 392    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.04.2020, 17:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31