Оқиға

Қаскелеңде көпқабатты үйдегі жарылыстан зардап шеккен бір адам қайтыс болды

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Қаскелеңде көпқабатты үйде болған жарылыстан тағы бір адам қайтыс болды. Мұның алдында 10 жастағы баланың қаза тапқаны айтылған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері 1939 жылғы әйелдің аудандық ауруханада қайтыс болғанын айтты.

"Жансақтау бөліміне түскен соң әйелге регидратациялық және шокқа қарсы терапия жүргізілді. Бірақ жүргізілген емге қарамастан сағат 17.30-да әйел көз жұмды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Көпқабатты үйдің тұрғындары уақытша басқа үйге көшірілді. Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев ауруханада жатқан тұрғындармен кездесті.

"Алматы облысы әкімінің тапсырмасымен сіздерге барлық көмек көрсетіледі. Бірінші кезекте мамандармен тұрғын үйді тексереміз. Сосын ғана үйді қалыпқа келтіреміз. Құрылыс компаниясы жұмысқа кірісу дайын, тек бұйрық күтіп отыр", - деді аудан әкімі.

Еске салайық, кеше, Қаскелеңде көпқабатты үйдегі жарылыс болып, салдарынан 10 жастағы баланың қаза тапқаны хабарланған болатын.

"Көпқабатты үйде газ жарылды, өрт шыққан жоқ. Жеті адам зардап шекті. Жарылыс салдарынан бөлмеаралық қабырғалар бүлінген. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырды. Тұрғындарды уақытша басқа үйлерге көшіріп, үйді қалпына келтіруге көмектеседі", - делінген еді әкімдіктің хабарламасында.

 




Көрілген: 318    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.01.2020, 10:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31