Каспий теңізіне үрлемелі матраспен шыққан үш қыз табылмай жатыр

25 шілде 2023, 11:18

Ақтау қаласынан 51 шақырым жерде Каспий теңізіне үрмелі матраспен шыққан үш қыз іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вugin.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

 

Қыздар ашық теңізге 24 шілде күні шыққан.

 

«Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, Полиция департаменті күштерімен үрлемелі матраста ашық теңізге кеткен үш қызды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іздестіру жұмыстарына Қазавиақұтқару тікұшағы тартылды. Іздеу жұмыстарының нәтижелері қосымша хабарланады» делінген баспасөз мәліметінде.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz