Оқиға

Қауіпті бетперде туралы ақпарат жалған

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Жуырда біреу халықты шошытып, әлеуметтік желілерге біреулердің естен тандыратын есірткіге малынған маскалар тарататынын, оны үй-ішіндегі жандардың бәріне тегін беретінін, ал бетпердені киген адам есінен танып қалатынын, сол кезде суық қолдылар үйлерді тонап кететінін жазған болатын.

 

Әрине, ақыл-есі бүтін адамдар мұндай бетперделердің болмайтынын бірден сезген. Өйткені, есірткі заттарының өзі қымбат, оны ешкім үй тонаймын деп тегін таратпайды. Бірақ көптеген адамдар мұндайға елеңдеп, үрейленіп те қалады.

 

СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бұл ақпараттың жалған екендігін айтты. Мұндай бетперденің таралу фактілері және ақпаратта сипатталған басқа жағдайлар тіркелмеген.

 

"Жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз. Айта кету керек, қазір адамдар көбінесе жалған ақпаратты шынайы жаңалықтардан ажырата біледі, бірақ соған қарамастан, мұндай жалған ақпарат халық арасында дүрбелең туғызуы мүмкін", - дейді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Назаров.

 

 

 egemen.kz




Көрілген: 362    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.10.2020, 03:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қараша, 08:44
    Иесін іздеген ит

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30