Оқиға

Қайғылы оқиға: Өртенген үйде мүгедек ұлы қалып қойған

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Қостанай облысы Қарабалық ауданында жер үйден өрт шығып, ер адам қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Төтенше жағдай 15 қаңтар Қарабалық ауылындағы Титов көшесінде болды. Өрт туралы хабар сағат 12:46-да келіп түскен.

 

ТЖМ ақпаратынша, 68 жастағы пәтер иесі кіреберіске жапсарлас орналасқан от жағу бөлмесінің жана бастағанын байқаған. Өрттен қорыққан әйел көршілерінен дереу көмек сұраған. Ал олар бірден 101 нөміріне қоңырау шалды.

 

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен сәтте пештің жанындағы үй заттары өртеніп, 8 шаршы метр аумақта төбе плиталары жанып жатқан. Қалың түтін бүкіл үйге таралды.

 

Өрт кезінде үй иесінің 1974 жылы туған екінші топтағы мүгедек ұлы үйде қалып қойған. Құтқарушылар оны үйдің түкпір бөлмесінен алып шықты.

 

"Ер адам түтінге уланғандықтан, тыныстауы қиындап жатқан күйде табылды. Құтқарушылар оны көшеге шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Алайда сағат 13:30-да ол есін жимастан орталық аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жан тапсырды", - деп мәлімдеді министрліктің ресми өкілі Талғат Уәли.

 

Тілсіз жау сағат 14:04-те толығымен ауыздықталды. Өрттің шығу себебі &ndash отты абайсыз қолдану.

 

Оқиға орнында өрт сөндіру бөлімінің 8 қызметкері мен 2 техникасы жұмыс істеді.

 

ТЖ министрлігі күннің суытуына байланысты пеш жағу кезінде қауіпсіздікті сақтамау салдарынан өрттің жиілегенін хабарлады. Құтқарушылар жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, үй заттары мен жанғыш материалдарды отқа жақын орналастыруға тыйым салынатынын ескертті.

 

 

 




Көрілген: 322    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.01.2021, 14:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31