Оқиға

Қайын жұртынан ет ұрлаған күйеубала жеті жылға сотталуы мүмкін

  • https://abai.kz/

    https://abai.kz/

Оқиғаны тарқатып айтсақ, биыл 1 наурыз күні Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көгершін ауылының тұрғыны үйінің жанындағы қорасында жаюлы тұрған жылқы мен қой етін белгісіз біреудің ұрлап кеткендігі туралы арызданады.

 

Полицейлердің жедел-іздестіру жұмысының нәтижесінде, осы ауылдың 33 жастағы тұрғыны ұсталған. Ол  арызданушының келесі көшеде тұратын күйеубаласы болып шықты.

 

Күдікті  соғым етінің жайылып тұрғанын алдын ала біліп, қора  есігінің құлпын бұзып, ет ұрлаған. Тіпті, күйеубала қойды сойған кезде қайын жұртының үйінде көмектесіп жүрген екен.

 

Тергеу барысында күдікті жақын туысының үйіне ұрлыққа түскенде масаң күйде болғанын, соғым етін үйіне апарып асып жеу мақсатында ұрлағанын мойындаған.

 

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен (тұрғын үй-жайға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Соғым етін қайын жұртынан ұрлап жемек болған күйеубала енді екі жылдан жеті жылға дейін темірторға қамалуы мүмкін.

 

 

 

aikyn.kz




Көрілген: 944    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.03.2021, 16:21

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30