Оқиға

Қазақ-қырғыз шекарасындағы жайт: Елшілік қызметкері тұтқынға алынған жоқ

  • https://www.facebook.com/AkimatKordai

    https://www.facebook.com/AkimatKordai

Қазақстанның Қырғызстандағы Елшілігі қызметкерінің қатысуымен болған келеңсіз жайтқа байланысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың 10 қаңтарында мемлекеттік шекараның «Ақ жол» - «Қордай» бақылау-өткізу пунктіндегі Қырғызстан жағында Қазақстанның Қырғызстандағы Елшілігінің әкімшілік-техникалық персоналы қызметкерінің қатысуымен оқиға орын алды. Қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүріп жатыр. Оның нәтижесінде тиісті шара қабылданатын болады«, - деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, Қазақстан Елшілігі қызметкерінің көлігінде отырған әйел еліміздің сыртқы дипломатиялық корпусының қызметкері емес. Ол дипломатиялық нөмірі бар Елшілік қызметкері басқарып келе жатқан көлікте отырған.

«Елшілікке оның еш қатысы жоқ. Қазір оның дипломатиялық көлікте неліктен отырғандығы анықталып жатыр. Нәтижесін қосымша жария етеміз. Ол Қырғызстан аумағындағы бір іс бойынша күдікті. Оған сол елден шығуға шектеу қойылған», - деді ресми өкіл.

Айбек Смадияров Елшілік қызметкері тұтқынға алынбағандығын баса айтты.

«Ол – Бішкекте. Кейбір БАҚ хабарлағандай, ол тұтқынға алынған жоқ. Тек көлігін шекараны кесіп өту барысында тексеру үшін тоқтатқан. Әйел де Бішкекте, өз үйінде. Ол сол жақта тұрады», - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР СІМ қырғыз тарапымен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлаған болатын.

 




Көрілген: 215    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.01.2020, 20:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31