Қазақстан азаматы Чехияда жоғалып кетті

09 наурыз 2022, 19:42

Үш жыл бұрын Чехияға оқуға түскен қазақстандық Олег Кузьмин белгісіз жағдайда жоғалып кетті. Ол 26 ақпан достарымен түнгі клубқа шығып, сол күйі хабарсыз кеткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі orda.kz-ке сілтеме жасап.

Еуразия бірінші арнасының хабарлауынша, 20 жастағы тараздық Олег Кузьмин түнгі 03:00 кезінде клубтан шығып, әкесіне қоңырау соғып, одан көмек сұраған.

 

«Тұтқаны көтеріп едім, амандасқан да жоқ, тек үш сөз айтты: «Әке, өтінемін, көмектес». Сосын телефон өшіп қалды, бірақ мен әрі қарай да сөйлей бердім. Өйткені байланыстың үзілгенін білмедім» деді Олегтің әкесі Сергей Кузьмин.

 

Әкесінің айтуынша, Олег тыныш бала болатын.

 

Қазір оны Чехия полициясы іздестіріп жатыр. Жігіт әлі табылмады. Ол аурухана мен мәйітханада жоқ.

 

Түнгі клуб күзетшісі Олег соңғы рет клубтан біреулермен шыққанын айтты.

 

«Орыс тілінде сөйлейтін бір жігітпен шыққан. Бұл – Праганың орталығы, жанында автобекет бар, бейне бақылау камералары өте көп. Барлығы Прагада мұндай оқиғаның болуы мүмкін емес дейді. Сондай-ақ полицияның камерадағы деректермен неліктен бөліспей отырғаны түсініксіз» деді әкесі.

 

Қазіргі таңда ҚР Сыртқы істер министрлігі студентті Прагада іздестіріп жатыр.

 

20 жастағы жігіт арық, орта бойлы, қоңыр көзді.