Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жұмыс істеп тұрған өткізу пункттерін айналып өтпек болған Ресей Федерациясының үш азаматын ұстады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Шекара қызметінің комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Шекара бұзушылар Қостанай облысында жексенбіде ұсталды.
"Заң бұзушылар Ресейде басталған ішінара мобилизациядан қашпақ болғанын айтты. Ұсталғандардан одан әрі жауап алу іс-шаралары жүргізілуде, оның нәтижесінде аталған адамдар ресейлік тарапқа беріледі", - деп хабарлады ҰҚК.