Оқиға

Қазақстанда байып кетпек болған 130-ға тарта адам тақырға отырды

  • Қазақстанда байып кетпек болған 130-ға тарта адам тақырға отырды

    Қазақстанда байып кетпек болған 130-ға тарта адам тақырға отырды

Көптеген қазақстандық MMM схемасын бұрыннан білсе де, пирамидаға қосылғандардың саны 130 адамға жуықтаған, ал келтірілген шығын 50 миллион теңгеге бағаланды


Қызылорда қалалық екінші сотында құқық қорғау органдарының мәліметінше, қаржы пирамидасын құрған Қызылорда қаласы тұрғынының ісі қарала бастады.


"Сотта Қазақстан Қылмыстық кодексінің 217-бабы 2-бөлігі "Қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару" бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген қызылордалыққа қатысты қылмыстық іс қаралды", - деді облыстық прокуратура басқармасының прокуроры, кіші әділет кеңесшісі Зураб Гичиев.


Іс материалдарында айтылғандай, жұмыссыз ер адам әлеуметтік желіні пайдаланып қаржы пирамидасын ұйымдастырған, ол адамдарға қысқа мерзімде жоғары табыс табуға уәде берген.


"Мысалы, үш күнде салымдарды 50 процентке көбейтіп беремін, ал он күнде салым сомасынан 100 пайыз пайда көресіңдер деген, – дейді Гичиев. – Осылайша, ол республиканың әртүрлі аймақтарындағы сенгіш қазақстандықтардан 50 миллион теңгеден астам ақша жинаған, қаржы өзінің банк картасына түскен".

Бұл істе 130-дан астам адам зардап шеккен. Пирамида төрт ай бойы жұмыс істеген, алғашқы салымшылар өз ақшасына өсім алған, ал қалған қатысушылар ақшасынан айырылған.


Айта кету керек, күдіктінің арбауына 35-50 жас аралығындағы әйелдер – көбінесе жұмыссыздар, үй шаруасындағы әйелдер, жеке кәсіпкерлер, қосымша табыс іздеп жүрген азаматтар түсіп қалған.


sputniknews.kz




Көрілген: 3037    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.12.2019, 19:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31