Оқиға

Қазақстанда бір тәулікте 36 адам коронавирустан, тағы 30-ы пневмониядан қайтыс болды

  • Қазақстанда бір тәулікте 36 адам коронавирустан, тағы 30-ы пневмониядан қайтыс болды

    Қазақстанда бір тәулікте 36 адам коронавирустан, тағы 30-ы пневмониядан қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 және пневмония бойынша жаңартылған статистиканы жариялады

Қазақстанда өткен тәулікте 66 адам қайтыс болды, оның 36-сы коронавирустан, 30-ы пневмониядан көз жұмды.

Қазақстанда бірінші тамыздан коронавирус бойынша жаңартылған статистика жүргізіле бастады.

"ДДСҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросымен бірқатар техникалық консультациядан кейін аурулардың халықаралық жіктемесінің жаңа кодтары бойынша COVID-19 жағдайларын кодтауға және есепке алуға көшу туралы шешім қабылданды. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап COVID-19 зертханалық расталған жағдайларымен қатар коронавирус инфекциясының клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар ПТР тесттің теріс нәтижесі, пневмония жағдайлары ескеріледі", - делінген хабарламада.

Осылайша, 1 тамыздағы жағдай бойынша, COVID-19 зертханалық расталған науқас саны – 1226. Соңғы бір тәулікте 36 адам қайтыс болды.

Коронавирустық инфекцияның клиникалық және эпидемиологиялық белгілері табылған пневмониямен ауырғандар саны – 5181. Өткен тәулікте пневмониядан 30 адам көз жұмды.

"Кронавирус инфекциясы және пневмонияны есепке алудың өзгертілген тәсілдері аурудың дұрыс болжамдарын жасауға, қажетті ресурстарды: медициналық кадрларды, төсек-орындарды, медициналық жабдықтарды, дәрілік заттарды жоспарлауға мүмкіндік береді", - деп хабарлады министрлік.

 

sputniknews.kz




Көрілген: 422    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.08.2020, 11:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30