Оқиға

Қазақстанда бітіруші түлектер аттестаттарын қоқыс жәшігіне тастаған видеосы желіні шулатты

  • Қазақстанда бітіруші түлектер аттестаттарын қоқыс жәшігіне тастаған видеосы желіні шулатты

    Қазақстанда бітіруші түлектер аттестаттарын қоқыс жәшігіне тастаған видеосы желіні шулатты

Желіде бір топ мектеп оқушылары өз аттестаттарын қоқыс жәшігіне лақтырған видеосы пайда болды. Аз уақыт ішінде тез таралып үлгерген бейне жазба көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеодағы кадрлардан үш жігіт өз аттестаттарын қоқыс жәшігіне лақтырып, "есіңде болсын - бітіру кеші болады, бірақ бірден емес" деген сөздерді айтқанын анық аңғаруға болады.

Отандық инста-пабликтердің бірінде жарияланған бұл видео оқырмандардың наразылығын тудырды. Желі пайдаланушылары қоқыс жәшігіне лақтырған құжатта мемлекеттік рәміздер - Қазақстан елтаңбасы бейнеленгенін айтып күйінді.

"Хайп үшін не істемейді, ақымақтар. Осы үшін жазалау керек. Аттестатта мемлекеттік рәміздер бар ғой", "Қазіргі жастар ту, елтаңба сынды рәміздердің қасиетін ұқпайды", "Бос мақтан үшін қоқысқа тастады, бірақ артынан келіп қайта алады. Біздің болашақ жастарымыз - осылар", - деп жазды желі қолданушылары. 


Кейіннен белгілі болғандай түлектер жасаған қылықтары үшін кешірім сұрады. "Құрметті қазақстандықтар, мұғалімдер, біз жасаған қателігіміз үшін кешірім сұраймыз. Біз аттестаттың біздің болашағымыз үшін маңызды екенін түсінеміз. Елтаңбамызды құрметтейміз. Істеген іісіміз үшін өкінеміз", - деді мектеп бітіруші түлектер.




Көрілген: 670    Пікірлер: 0

жексенбі, 31.05.2020, 10:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31