Оқиға

Қазақстанда үш бала терезеден құлап, біреуі қайтыс болды

  • Қазақстанда үш бала терезеден құлап, біреуі қайтыс болды

    Қазақстанда үш бала терезеден құлап, біреуі қайтыс болды

Өткен тәулікте Қазақстанда үш баланың терезеден құлап кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бір тәулікте елімізде Нұр-Сұлтан, Ақтау және Павлодар қалаларында балалар терезеден құлап кеткен. Нұр-Сұлтанда тоғызыншы қабаттан ұшып кеткен бала ауыр жарақаттар нәтижесінде көз жұмды.

 

"Өткен тәулікте үші жағдай тіркелі. Нұр-Сұлтан қаласында Нәжімеденов көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйде бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен, ересектердің қарауынсыз қалған 2016 жылы туған бала құлап кетті. Алған жарақаттары салдарынан ауруханада көз жұмды", - деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Ал қалған екі бала қазіргі таңда ауруханада жатыр. Олардың жарақаттары аса ауыр. 

"Ақтауда бес қабатты тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2017 жылы туған бала бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Павлодар облысының Қалқаман ауылында төрт қабатты тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған төртінші қабаттың терезесінен 2016 жылы туған бала құлап кетті. Түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды", - дейді ТЖ комитетінің баспасөз қызметі. 

Көптеген жағдайларда балалардың құлауы балаларды ата-анасының қарауынсыз қалдыру және жақын маңдағы ересектердің немқұрайлы қарауы себебінен болады.

 
 

 




Көрілген: 285    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.09.2020, 11:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31