Қазақстандағы бүлік: 8 мыңға жуық адам ұсталды

10 қаңтар 2022, 12:12

Ішкі істер министрлігі 10 қаңтардағы жағдай бойынша елде қанша адам ұсталғанын мәлімдеді.

 

"10 қаңтардағы мәлімет бойынша ішкі істер органдарына 7939 адам жеткізілді", - делінген хабарламада.

 

Сондай-ақ Алматыда екі базарда 207 адам ұсталған. Жедел іс-шараларды полиция Ұлттық ұлан мен арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшілерімен бірлесіп жүргізді.

 

Ұрланған 5 автокөлік, жаңа компьютерлік процессорлар, ноутбуктер, музыкалық орталық, сондай-ақ 2 тегіс ұңғылы және 4 суық қару тәркіленді.

 

 

 

sputnik.kz