Оқиға

Қазақстандық бала ауыр халде – СІМ Өзбекстандағы жол апаты туралы

  • © baq.kz

    © baq.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігі бүгін түнде Өзбекстанның Сырдария облысындағы Ташкент-Термез тас жолында жеңіл автокөлік және КамАЗ жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік апатында зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайы туралы хабарлама таратты.


«Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстанның Сырдария облысындағы Ташкент-Термез тас жолында болған жол-көлік апатының салдарынан 7 адам зардап шекті, оның 6-ы Қазақстан азаматтары екендігі анықталып, 1 ҚР азаматы оқиға орнында қаза болған. Зардап шеккендердің бірі – 2008 жылы туылған бала Джизақ қаласының ауруханасында тұрақты ауыр жағдайда жатыр, еліміздің қалған 4 азаматы қазіргі уақытта Ташкентте орналасқан, олар Шымкентке тасымалдануға дайындалуда», - деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.


Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер Шымкентке жеткізіледі.


«Жедел медициналық көмек Шымкенттен Ташкентке жетіп, бүгін қазақстандық дипломаттардың көмегімен зардап шеккендер Шымкентке жеткізіледі. Қазіргі уақытта өзбек полициясы тергеу жүргізуде. Жол-көлік апатының себептері туралы ақпарат қосымша хабарланады», - делінген хабарламада.


Апат нәтижесінде 7 адам зардап шекті, олардың 6-ы - Қазақстан азаматтары. Қазақстан Республикасының бір азаматы оқиға орнында қайтыс болды. Зардап шеккендердің арасында 2008 және 2010 жылы туған екі бала бар.


Қазақстанның елшісі бұл мәселені жеке бақылауына алды. Қазақстандық дипломаттар ҚР азаматтарына тиісті көмек көрсету үшін оқиға орнына жеткен.


BAQ.KZ


 




Көрілген: 444    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.06.2019, 16:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30