Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстандық бойжеткен Нью-Йоркте көз жұмды

22 желтоқсан 2017, 12:11

28 жастағы Қазақстан азаматы Нью-Йоркте болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапты. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қайғылы оқиға болды. Нью-Йорктегі қазақстандық дипломаттар мерт болған бойжеткеннің туыстарымен тығыз байланыс орнатып, оның мәйітін Қазақстанға жеткізу бойынша көмек көрсетуде», - деді баспасөз қызметі.

Ведомство оқиғаның мән-жайын ашып айтпады. Басқа да деректерге қарағанда, бойжеткен қыз Нью-Йоркте жұмыс істеп жүрген.