Оқиға

Қазақстандық дәрігер Алматы-Анталья ұшағында қарт әйелдің өмірін сақтап қалды

  • Қазақстандық дәрігер Алматы-Анталья ұшағында қарт әйелдің өмірін сақтап қалды

    Қазақстандық дәрігер Алматы-Анталья ұшағында қарт әйелдің өмірін сақтап қалды

Қазақстандық онколог-маммолог Эльмира Алиева Алматы-Анталия рейсін орындаған ұшақта жағдайы нашарлаған қарт әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әуе кемесінің бортындағы ғажайып оқиға туралы Алматы қаласының тұрғыны, блогер Александр Цой Facebook парақшасында жазды.

"Достар, танысыңыздар, бұл – Эльмира Әлиева. Мамандығы бойынша 15 жылдық тәжірибесі бар онколог-маммолог. Сонымен қатар, әдемі әйелі және үш баланың анасы. 28 тамызда ол отбасымен Алматыдан Анталияға "Turkish Airline" авиакомпаниясымен ұшып келді. Ұшудың үшінші сағаты басталғанда, жолсеріктер дүрбелең көтере бастады, ал ұшқыш борттан дәрігер іздеп, хабарлама жасады. Біздің қарт отандасымыздың бірі ауырып қалыпты. Оның жүрек соғысы жиілеп, қолы жансызданып және тұншыға бастады", - деп жазды ол.

 
Эльмира көмекке бірінші болып ниет білдірген. Әуе кемесінің экипажынан тонометр мен пульсоксиметрді алып, дәрігер қысымның жоғарылағанын, ал сатурацияның төмен болғанын анықтады.

Мәселенің мәнін түсінген Эльмира Әлиева бірден әйелге қысымды төмендетуге арналған препарат берді, тыныс алу үшін баллонға оттегі маскасын қосып, науқасқа қол массажын жасай бастады.

"Эльмира ұшудың қалған төрт сағатында да науқастың қасында болды. Ұшақ қауіпсіз жерге қонған кезде оларды жедел жәрдем күтіп тұрды. Дәрігерлер науқасты тексеріп, қиын сіт артта қалғанын анықтады", - деді Александр Цой.

Науқасты тексергеннен кейін түрік дәрігерлері оны ауруханаға жатқызуға себеп таппады. Әйел өзін жақсы сезінгендіктен, оған тікелей қонақүйге баруға рұқсат берді.

"Міне, біздің елімізде осындай батырлар-дәрігерлер бар. Сізге бас иеміз, Эльмира. Батылдығыңыз пен кәсібилігіңіз үшін рахмет!",- деп қорытындылады Александр Цой.




Көрілген: 410    Пікірлер: 0

жексенбі, 12.09.2021, 16:59

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31