Қазақстандық турист Түркияда суға батып кетті

02 қазан 2022, 10:25

25 жастағы жігіттің денесі батып кеткен соң үш сағаттан кейін жағажайлардың бірінен табылған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Haberler басылымының мәліметі бойынша, қаза тапқан Қазақстан азаматы Түркияға турист ретінде барған.

 

Ол Антальядағы Коньяалты жағажайында теңізге түсіпті. Осылайша суға батып кеткен.

 

Ал бұл жайлы құтқарушыларға жігіттің әпкесі хабарлаған.

 

Үш сағаттық іздеу шараларынан кейін қазақстандық туристің денесі бес метр тереңдіктен шығарылған. Оның мәйітін сүңгуірлер теңізден алып шығып жағаға жеткізды, — деп жазды аталған басылым.

 

Қазір жедел тергеу тобы мәйітті Антальяның сот медициналық институтының мәйітханасына жеткізіпті.