Қазақстандықтар Құлсарының экс-әкімі түсірілген видеоны талқылап жатыр

20 мамыр 2022, 17:28

Қазнет Атырау облысы Құлсары қаласының бұрынғы әкімі түсірілген видеоны талқылап жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Видео Telegram-каналдарда жарияланды. Кадрларда Құлсары қаласының экс-әкімі Қаржау Шарғабаев бір буманы көрсетіп, оны басқа адамдардың сұрауы бойынша алуға келгенін айтады.

 

Ер адамның айтуынша, оған кішкентай пакетте дәрі бар екенін айтқан.

 

Экс-әкім видеоны түсіріп тұрған белгісіз адамның сұрақтарына жауап береді, ал Қаржау Шарғабаевтың бетінен көгерген іздер байқалады.

 

Полиция бұл жағдайды тексеріп жатқанын мәлімдеді.

 

"Нәтижесін кейінірек хабарлаймыз", - деді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

 

Кейін Шарғабаев Facebook парақшасында 19 мамырда біреулер шабуыл жасағанын айтып, бейнехабарлама жариялады.

 

Оның айтуынша, бейтаныс адамдар оны ұрып-соғып, өзін айыптауға мәжбүрлеген. Ер адам денесіндегі ұрып-соғу белгілерін көрсетті.