Оқиға

Қазгидромет Түркістан облысындағы нөсер жауынға не себеп болғанын айтты

  • Қазгидромет Түркістан облысындағы нөсер жауынға не себеп болғанын айтты

    Қазгидромет Түркістан облысындағы нөсер жауынға не себеп болғанын айтты

Шымкент пен оған іргелес жатқан аудандардың су астында қалуына Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының жарылуы әсер еткен. Яғни Қазгидромет өкілдері Өзбекстан мен Мақтаарал жеріне жайылған ірі көлемді судың булануы нөсер жаңбырға қосымша себеп болды деп отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 13 мамыр күні түнде Түркістан облысында толассыз жауған жауын-шашын салдарынан бірнеше аудандағы үйлер мен аулаларды су басқан еді.

Тіпті билік жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланған болатын.

Ал "Қазгидромет" мұндай қатты нөсерге Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының жарылуы әсер еткенін айтады.

"Бөгеттің жарылуынан судың көп бөлігі Түркістан облысының территориясына қарай ақты. Осыған байланысты өңірде қатты булану процессі басталды. Ал бұл өз кезегінде құйып жауған жаңбырға әкелді", - дейді дейді "Қазгидромет" РМК-ның Түркістан облысы бойынша филиалының инженер-синоптигі Арайлым Тұрғынова.

Айта кетейік, жауын-шашын салдарынан қауіпсіз жерге эвакуацияланған жүздеген тұрғын үйлеріне қайта бастаған. Келтірілген шығын әлі есептеліп жатыр.

Ал синоптиктер алдағы күндер де жаңбырлы болады деп ескертіп отыр.
 




Көрілген: 665    Пікірлер: 0

сенбі, 16.05.2020, 14:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31