Оқиға

«Қазпошта» сәлемдемеде жоғалған телефон туралы ақпарат үшін сотқа жүгінеді

  • https://adilettv.kz/

    https://adilettv.kz/

«Қазпошта» АҚ сәлемдемеде жоғалған телефон туралы ақпарат үшін сотқа жүгінеді. Бұл туралы «Қазпошта» АҚ тәуекелдер және комплаенс жөніндегі басқарушы директоры Нұрқанат Нұрақынов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Ішкі қызметтік тексеру растағандай, Қазпошта» АҚ-ға қатысты таратылған мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. Осыған байланысты біз компанияның имидждік іскерлік беделіне нұқсан келді деп есептейміз, өйткені осындай ақпараттың таралуынан қоғамның іскерлік беделге теріс әсері қалыптасады», - деді Н. Нұрақынов «Қазпошта» ғимаратында өткен брифингіде.

 

Осыған байланысты, спикердің айтуынша, компания заңды мүдделерін қорғау үшін азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде сот органдарына жүгінуге мәжбүр.

 

«Тиісті құзыретті органдар компанияға қатысты ақпарат таратқан адамның іс-әрекетіне құқықтық баға береді. Сонымен бірге, елдің азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен компания кінәлі адамның теріс мәлімет таратуынан келген ықтимал залалды өтеуі мәселесін қарастырады», - деп түйіндеді Н. Нұрақынов.

 

Айта кетейік, 10 ақпанда бірқатар БАҚ-та елорда тұрғыны Илья Гришко туралы сюжет шыққан еді. Онда И. Гришко «Қазпошта» сәлемдемесінде өзі тапсырыс берген ұялы телефонның жоғалуына шағымданған. Бұл даулы оқиғаға «Қазпошта» АҚ Пошта қызметтері және E-commerce бойынша басқарушы директоры Әлия Сүгірбаева жауап берген еді.

 

 

 




Көрілген: 350    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.02.2021, 13:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30