Оқиға

Қазығұртта мектептен қайтпаған баланың қайда жүргені анықталды

  • Қазығұртта мектептен қайтпаған баланың қайда жүргені анықталды

    Қазығұртта мектептен қайтпаған баланың қайда жүргені анықталды

Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған бала сегіз шақырым жердегі көрші ауылдан, ойнап жүрген жерінен табылды

Түркістан облысында  Қазығұрт ауданының полицейлері жоғалған баланы тауып, үйіне қайтарды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт полициясына жергілікті тұрғын хабарласып, кәмелетке толмаған баласы мектепке кетіп, қайта оралмағанын жеткізген. Отбасы 11 жастағы баланы өздері іздеп таппаған соң, полицейлердің көмегіне жүгінген.

Полицейлер мектептен шығып кеткен 11 жасар жасөспірімді бөлімшеге тіркеп, іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары учаскелік полиция инспекторлары барлық көше мен ауланы мұқият қарап шығып, куәгерлер мен өтіп бара жатқан адамдардан жауап алды.

Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған бала тәулік ішінде сегіз шақырым жердегі көрші ауылдан, ойнап жүрген жерінен табылды.

Полицейлер жасөспірімді үйіне қайтарып, анасына тапсырды. Ал жасөспірімнің анасы Қазығұрт АПБ-нің қызметкерлеріне шын жүректен алғысын білдірді.  




Көрілген: 385    Пікірлер: 0

жұма, 19.02.2021, 10:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30